Образование
16.10.2026
🍂🍁 «Алтын күз» мерекесі — күздің керемет көрінісі! 🍁🍂
Мектебімізде күз мезгіліне арналған «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті. 

Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әсем күздің бояуын бейнелеген өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 


Мереке оқушылардың талантын шыңдап, достық пен ұйымшылдықты нығайтуға ықпал етті. 
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен өнерлері үшін алғыс білдіреміз! Күздей берекелі, алтын күздей жарқын сәттеріміз көп болсын! 
