Образование
05.11.2026
«Қауіпсіздік сабақтары» аясында өткізілген іс-шара
«Қауіпсіздік сабақтары» аясында өткізілген іс-шара
Мектеп алдындағы шағын орталықтың 4 жас тәрбиеленушілерімен қауіпсіздік сабақтары аясында «Төтенше жағдайлар қызметтері мен байланыс орталығының телефон нөмірлері» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
Балаларды төтенше жағдайларда көрсетілетін көмек түрлерімен таныстыру;
Сабақ барысында тәрбиеленушілер жедел қызметтердің атқаратын жұмыстарымен танысып, ойындар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы қай жағдайда қай қызметке хабарласу керектігін үйренді. Балалар ойыншық телефон арқылы көмек шақыру әрекеттерін орындап, қауіпсіздік ережелерін қызығушылықпен меңгерді.