Образование
13.04.2026
Бүлдіршіндерімен жарқын әрі қызықты эстафета
Мемлекеттік қызмет апталығы аясында “Беняш орталау мектебі” КММ жанындағы шағын орталық бүлдіршіндерімен жарқын әрі қызықты эстафета өтті 

Бүлдіршіндер жарысқа үлкен ынтамен қатысып, ептіліктерін, жылдамдықтарын, командалық рухтарын және жеңіске деген талпыныстарын көрсетті. Әр команда бір-бірін қолдап, қашықтықтың барлық кезеңінде үздік нәтиже көрсетуге тырысты.
Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, белсенді өмір салтына қызығушылықтарын арттыруға, жауапкершілік пен өзара көмектесу сезімдерін дамытуға ықпал етті.